Нью-Йорк метро станцияларында исламофобияға қарсы өзгеше бір жанрда афишалар ілінді (ФОТО)

Негин Фарсад пен Деан Убейдуллаһ есімді мұсылман продюсер және комедиялық актерлердің әзіл-сықақ жанрында исламофобияға қарсы дайындаған афишалар Нью-Йорк қаласының метроларында ілінді. “Beware: The Muslims Are Coming – Сақтан! Мұсылмандар келе жатыр!» атты комедиялық фильмнің продюсерлері Фарсад пен Убайдуллаһтың мұсылмандарға қатысты қалыптасқан қате түсініктерді жою үшін дайындаған афишаларын Нью-Йорк метроларына ілуге ақыры рұқсат берілді. Мұсылмандарға қатысты танымдық ақпарат беретін афишалар 20 мың долларлық бір жоба болып, Нью-Йорктың 144 метро станциясына ілінді. Сықақ тілінде дайындалған афишаларда «Бұл террористердің барлығы жынды», «Мұсылмандарға қатысты ақиқат. Аурухана тұжырымдамасын мұсылмандар ойлап тапты. Justin Timberlake-ті мұсылмандар тапты», «Кофе, тіс шөткесі және алгебра мұсылмандардан шыққан» деген секілді сөздер жазылған. исламофоб0 исламофоб исламофоб1
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін