Мектеп оқушыларына орамал тағуға рұқсат берілуі мүмкін

Шымкенттік мектеп оқушылары үшін орамал тағуға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы ТВК арнасы хабарлайды.
Келесі жылдан бастап мектеп шәкірттері кеудесінде «Шымкент мектебі» деген бірыңғай жазуы бар костюм киеді. Білім және ғылым министрлігінің жақында ғана бекіткен талаптарына сай, мектеп формасы 3 түстен аспауы керек. Қалалық білім бөлімінің мамандары бірыңғай енген жаңалыққа діни көзқарастағы форманың қатысы жоқ деп түсіндірді. Демек, сабаққа орамал тағып келетін оқушылардың еркі өзінде. Тек келте балақ шалбар киюге болмайды. Ал, мектеп формасының бағасы 10-12 мың теңгені құрайды. Еске сала кетейік, Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының бірыңғай мектеп формасын бекіткен болатын. Аталған ережеге сәйкес, оқушылардың хиджап киюіне рұқсат етілмейді.
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін