Анкарада жарылыс: 34 адам қаза тапты (ВИДЕО)

терроризм Кеше Түркия астанасы Анкарада сағат 18:45-тер шамасында жарылыс болды. Автобус күтіп тұрған жолаушыларға қарсы жарылыс зат тиелген көлікпен террористік шабуыл жасалды. 34 адам қаза тапты, 125 адам жараланды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған халыққа мәлімдеме жасап: «Отандастарымыз қобалжымасын. Мемлекетіміздің барлық құрылымдары халықпен бірлесе отырып жүргізіп отырған терроризмге қарсы күресі міндетті түрде нәтижелі болады. Терроризмнің тізесін бүктіреміз», – деді. Түрік бауырларымыздың қайғысына ортақтасып, қабырғамыз қайыса көңіл айтамыз! Алла оларға сабыр берсін, берекет берсін! Алланың терроризмге лағынеті болсын!
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін