Ғалымдар: Қорылдау қатерлі ісікті асқындырады

ОнкохирургияҒалымдар қорылдаудың қатерлі ісікті асқындыратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru. Дұрыс ұйықтамау және қорылдау қатерлі ісіктің қауіптілігін жылдамдатады. Мұндай мәлімдемені Испания мен АҚШ дәрігерлері жасап отыр, олар бұл жаңалықтарын Мюнхенде өткен урологияның еуропалық қауымдастығы конгресінде жария етті. Ғалымдар ұйықтау кезінде өкпедегі ауа алмасудың қысқа мерзімге тоқтауын гипоксия деп атады, ол қатерлі ісікті өршітеді, яғни ұйықтау кезінде қандай да бір ішкі ағзаға немесе тіндерге оттегінің қажетті мөлшерде жетіспеуі. Ол қан тамырларында қатерлі ісік жасушаларының пайда болуына әкеп соғады. Ғалымдар тышқандарға зерттеу жүргізгеннен кейін осындай тұжырымға келді, зерттеуге 12 сау және қатерлі ісікке шалдыққан 12 тышқан қолданылды. Ғалымдар кідірмелі гипоксияға шалдыққан ауру кеміргіштерде жасушалар санының артқанын байқаған. Олар тышқандарға жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижесі адамдарға да келеді деп отыр.

reactor.inform.kz

 
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін