Сауд Арабиясы «Хизбулламен» байланысы барларды ауыр жазаландырмақ

саудия Сауд Арабиясы Хизбуллаға қолдау көрсететіндерге ауыр жаза тағайындайтынын мәлімдеді. Саудияның SPA ресми ақпарат агенттігінің Ішкі істер министрлігі мәліметіне сүйене таратқан ақпаратында «Хизбулланы» қолдау, оларды қаржыландыру немесе бұл ұйымға мүше болу, оларға оң қабақ танытып, бүйрегі бұру, олар үшін садақа беру, байланысу, мүшелерін паналату немесе жасырып ұстау секілді байланыстар құрған әркімге ауыр жаза қолданылатыны» жазылған. Мәлімдемеде жоғарыда аталған байланыстардың қандай да бірі анықталса, мемлекеттен шеттетіп, шекарадан асырып жіберетіндері жазылған.
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін