«Құлыншақтың» балалары Наурыз тойлады

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» қоырының басшысы Жұматаев Еркебай және Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Жақия Мерей  Наурыз мейрамының қарсаңында қайырымды іс жасады. Қаламызда орналасқан «Құлыншақ» балалар үйіне барып қайтты. Ұлыстың ұлы күні жүздері жабырқаулы жандарға жылу сыйлап, мерекелік дастархан әзірлеп,  әз-Наурызды атап өтті. Балалар бар өнерлерін ортаға салып, қазақы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты көрсетті. Басқалардан жылулық пен мейірімділік күтетін балалардың жүздеріне күлкі үйіріліп, көтеріңкі көңіл күй  сыйлаған жандарға алғыстарын білдірді.  
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін