8-сынып оқушылары үш құдық қазып берді

қудық Түркияның Дерия білім құрылымының 8-сынып оқушылары өздерінің күнделікті ішіп-жеміне берілетін ақшаларын жинап, Аракандағы мұсылмандарға құдық қазып, су шығарып беруге жиналған қаржыны Дениз Фенері ұйымына табыстады. Ұйым бұл қаржыға 3 құдық қазылатынын мәлімдеді. Осылайша 8-сынып оқушылары өздерінің ғана қамын ойламай, өздерінен жырып, Аракандағы ауызсуға қол жеткізе алмай отырған мұсылмандардың да жағдайын бір жарылқап тастады. Мектеп директоры Гөксал Аслан «бұл жобаны дәстүрлі түрде жалғастыра береміз» дейді.
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін