Қарағанды облысында «Жастар ісі» бөлімінің өкілі тағайындалды

IMG_4694ҚМДБ-ның жанындағы «Жастар ісі» бөліміне Қарағанды облысы бойынша өкілдікке Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлы тағайындалды. Жұма күні өңірдің өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жаңа басшыны жамағаттың алдында арнайы сайлады. Бұған дейін өкілдің көмекшісі болып жұмыс атқарған, таяуда ғана наиб имамдық қызметке орналасқан Мұсабеков Нұржігіт діни іс-шараларды өткізуде алдына жан салмайтын қызметкерлердің бірі. Сондықтан да өкіл имам жаңа басшының жастар ісін дөңгелетіп алып кететініне сенім білдірді. «Жастар – ел болашағы» деп өскелең ұрпақтан үлкен үміт күткен халық  екеніміздің айғағы, діни басқарманың жанынан ашылған бұл бөлім  талай игі бастамаларға ұйытқы болып келеді. Әрі қарай да алған бағытымыздан таймай, ертеңгі елдің ұйтқысы болар жастарды тәрбиелеуде аянып қалмаймыз», –  деді жаңа басшы. Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін