Мехмет Гөрмез: «Қайда өмір сүрсеңіздер де бастарыңызды салбыратып өмір сүрмеңіздер!»

гөрмез «Қайда өмір сүрсеңіздер де бастарыңызды салбыратып өмір сүрмеңіздер! Өйткені, сіздер мұсылмансыздар!». Сенбі күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның АҚШ-тағы мешітті ресми ашуынан кейін Түрік-Америка мәдениет орталығында сөз сөйлеген Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Мехмет Гөрмез осылай деді. Ол бастауыш мектепте оқып жүрген Мұхаммед есімді ұлының өзге балалардан өз есімі үшін жасқанып, ауыстырғысы келетінін айтқан Сенегалдық бір мұсылманның сөзін тілге тиек етіп: «Сіздерден өтінем, қайда өмір сүрсеңіздер де бастарыңызды салбыратып өмір сүрмеңіздер! Өйткені, сіздер мұсылмансыздар! Өйткені, «Мұхаммед» есімі тек қана «сенім», «қауіпсіздік», «бейбітшілік», «хақ», «әділет» сипаттарымен ғана танылған. Ешқайсыларыңыз он мыңдаған шақырымдық жерлерде дін атын, Ислам атын жамылған қылмыстық топтардың қылмысы мен лаңкестігі себебінен өздеріңізді қор көрмеңіздер, төмен сезінбеңіздер. Өйткені, баршамыз қылмыс пен лаңкестіктің ешбіреуі хақ дініміз ­– Исламмен, Ардақты Елшіміз ­– Мұхаммед Мұстафамен ﷺ , кітабымыз ­– Құран Кәріммен бес қайнаса сорпасы қосылмайтынын жақсы білеміз», – деді.
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін