Қайыршылар қоқыстан тамақ іздемейтін болды

temperatura_v_xolodilnike_03Үнді елінде мейрамхана қожайыны жолдың бойына тоңазытқыш қойып, ішін күнде азық-түлік салынған  50-ге жуық қапқа толтырып отырады. Кез-келген мұқтаж жан күні-түні ашық тұратын тоңазытқыштан керек тамағын ала алады. Мину Паулин әрдайым қоқысты қопарып тамақ іздеп жүргендерді көріп, ет жүрегім елжірейтін дейді. Кейін осылайша күресуді ұйғарғанын айтады. Кәсіпкер әйел бұл ісінің басқаларға да үлгі болып, Индияның өзге жерлері, тіпті басқа елдерде де ізін жалғастыратындар табылатынынан үмітті. Аталмыш акцияға қаланың өзге тұрғындары да ат салысып, тамаққа толтырып жатыр. Тоңазытқыштағы барлық тағамдар жаңа дайындалған, сақтау мерзімі көрсетілген. Дағыстандықтар да бір үзім нанға зәру болып жүрген, жағдайы жоқтарды ауқаттандырудың тағы бір жолын іске асыруда. Махачкала қаласындағы екі ірі супермаркетте мұқтаж болған затыңа тегін жете алатын арнайы сөрелер дайындалған. Ол сөрелерді толтыратын сатып алушылардың өздері.    
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін