«Құртуба» соборы «мешіт» атауына қайта қауышты

15 Испанияның оңтүстігіндегі Андолусия аймағында орналасқан «Құртуба» мешітінен осыдан шамамен екі жыл бұрын «мешіт» деген сөз алынып тасталып, оның орнына «собор», яғни шіркеу атауы берілген болатын. Бұл «Құртуба» мешіті ЮНЕСКО-ның әлем жәдігерлері тізімінен орын алған мешіт. Міне, сол мешіт екі жылдық даудың нәтижесінде қайтадан өз статусына оралып, «мешіт» атауын алды. Бұл жайында «Анадолу» агенттігі сүйіншілейді. Испаниядағы заңдағы осалдықты тиімді пайдаланып кеткен Католик шіркеуі бұл мешіттің барлық мүліктік иелігін 2006 жылы өз қолдарына алып алған еді. Ал 2014 жылы «мешіт» сөзінен айырды. Оның орнына «Құртуба» соборы деген атау жабыстырды. Сөйтіп, барлық туристік каталогтардағы «мешіт» есімін, «собор» атауына ауыстырып шыққан. Бұған мұсылмандар наразылық танытып, 2 жыл бойы алысып, соңында «аққа Құдай жақ» болып, байырғы атауына қайта қауыштырды. Мешіт атауын алып тастау Анадолусияда үлкен наразылық туғызды. 400 мыңнан астам қол жиналған. Саяси тартыстарға дейін ұласқан. Әйтеуір, соңы нәтижелі болып, қазір каталогтарға дейін «собор» есімі өшіріліп, «мешіт» атауын қайта жазылуда. «Құртуба» мешіті туристердің көп келетін жәдігерлердің бірі. Жылына 1,4 миллион адамның зиярат етуінен ел экономикасына 9 миллионнан астам еуро кіріс түседі екен.
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін