Саудия королінің ұшағындағы жазу журналистердің назарын аударды

Алла сені сақтасы Сауд Арабиясының королі Сәлман бин Абдулазиз неше күннен бері ресми сапарлармен жүр. Екі күн бұрын Мысыр Президенті Абдулфаттах әс-Сисимен кездескен ол бүгін Түркияға ұшақ басын бұрды. Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған королді әуежайдан күтіп алды. Президентпен әуежайға барған журналистердің назары корольға ғана емес, сонымен қатар Сәлман бин Абдулазиз мінген ұшақтың сыртындағы арабша жазуға да ауды. Ұшақта арабша «Алла сені қорғасын!» деген жазу жазылған.
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін