Қаңғыбас 1 еуроға наубайхана сатып алды

o_1240425Француздың Доль қаласында таңқаларлық оқиға орын алды. 62 жастағы наубайшы Мишель Фламан өзінің кәсібін 37-жастағы үй-күйсіз Жером Оканға берген. Осылайша наубайхана иесі еңбек демалысына кетіп, Жером Оканның жағдайын жасауына мүмкіндік бермек. 2015 жылдың соңында  Жером Окан Мишель Фламанды ажалдан аман алып қалады. Наубайшы пештердің бірін дұрыс жаппай, ғимарат ішінде иісті газ тарала бастайды. Иісті сезген қаңғыбас құтқарушыларға хабар беріп, Фламан соның арқасында аман қалады. Осыдан кейін наубайшы қаңғыбасты жұмысқа алып, ол жұмысын дөңгелетіп әкетеді. Бірнеше айдан кейін кәсіпкер өз кәсібін өзін құтқарған адамға табыстауға шешім қабылдайды. "Мені ақша қызықтырмайды. Мен үшін бастысы – еркіндік. Өзім демалғым келеді, осы арқылы өзгені де бақытты етуге болады ғой?" — дейді наубайшы.  
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін