Сәтті қажылықтың сырымен бөлісті

Қажылық жөніндегі қайырымдылық қорының Нигериядағы мүшесі Алхаджи Абдулрашид Аджифовув қажылыққа ниет етіп отырған болашақ қажыларға дене шынықтырумен айналысу керектігін айтты. Себебі, дәл осы әрекет ертең қажылықта барлық рәсімдерді қиналмастан орындауға көмектеседі. Алхаджи Абдулрашид:  «Физикалық жақсы дайындалған дене мүсіні – бұл сәтті қажылықтың кепілі. Қажылық – қайсарлықты талап ететін өзінше бір діни физикалық жаттығулардың жиынтығы іспеттес.Осы жылы Меккеге баруға дайындалып жүргендер ертеңгі күні қажылыққа барғанда шаршап қалмас үшін қазірден дайындалуы шарт. Әсіресе көлікпен жүріп үйреніп қалғандар үшін бұл маңызды»,- деп қажылыққа баратын қажыларға құлаққағыс жасады. Сондай-ақ, Меккеге баруға ниетті алайда денсаулығы сыр берген кісілерге алдын-ала емделу керектігін де  айтып өтті.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін