Аяғынан айрылған спортшы олимпиада алауын алып жүреді

Сириялық спортшы-параолимпиадашы Ибраһим әл-Хусейн Олимпиадалық ойындардың  алау эстафетасына қатысады. Спортшы бес жыл бұрын бомбылау кезінде аяғынан айырылған. 27 жастағы сириялық азамат 2014 жылы Греция мемлекетіне  қоныс аударған.

26 сәуірде әл-Хусейн Афинада мигранттарды қабылдау орталығынан алаумен жүгіріп өтеді. Грецияның Ұлттық олимпиада комитетінің пікірінше бұл олипиадалық қозғалыс тарапынан босқындарды символикалық қолдау белгісі болмақ.

«Жиырма жыл өтті. Және мен арманыма қол жеткіздім. Мен үнемі осыны арман ететінмін. Олимпиада ойындарына қатысуды армандадым. Міне мен бүгін осындамын және арманымнан да үлкен жетістікке қол жеткіздім. Маған Олимпиада алауын алып жүру құрметі бұйырды. Алау – бұл сайыстардың символы»- дейді Ибраһим әл-Хусейн.

Айта кету керек, 2016 жылғы Олимпиадалық ойындарға арнайы босқындар командасы қатысады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін