Наиб мүфти Жәйрем жұртшылығының жағдайымен танысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі Наурызбай қажы Тағанұлы Жезқазған қаласына барған іс-сапарында Жаңаарқа ауданы, Жәйрем кентінің жамағатымен кездесті. Ауыл мешітінде жиналған жұртшылыққа наиб мүфти мұсылман мұсылманға бауыр тақырыбы аясында уағыз айтып, халықтың хал-ахуалымен танысып қайтты. Арқа жеріне ақ жарма тілегін жеткізіп, ақ батасын берді. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін