Вегетариандық бәліш жеймін деп күнәға батты

Британиялық жас мұсылман жігіт Morrisons сауда желісінің жұмысына өкпесінің қара қазандай екенін айтты. Бұған себеп вегетариандық деп сатып алынған бәліш ішінен шошқа етінің табылуы болды.  Вегетариандық деп сатып алған бәлішті күмәнданбастан жеген мұсылман жігіт шошқа етінің дәмін татқанда қатты шок алған. «Әрбір мұсылман баласы үшін арам болып есептелінетін шошқа етінің менің жеген бәлішімнен шығуы мені қатты таңқалдырды. Бұл етті ата-бабамыз ғасырлар бойы мүлдем ауызына да алмаған. Әлі де болса сене алмай отырмын»,- деп өзінің ішкі ойын жеткізген мұсылман жігіт, аталмыш сауда маркасының ресми кешірімін қабылдамаған. Оның айтуынша құр ресми кешірім оның сол сәттегі өткерген психологиялық стресін өтей алмайды. «Олар өз жұмысына өте мұқият болу керек еді.Мұндай қателік кешірілмес күнә»,- деп шағымданды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін