1000-нан аса фермер құрғақшылықтан өз-өзіне қол жұмсады

Үндістанда 1000-нан астам фермер құрғақшылықтан қысылып, өз-өздеріне қол салған. Үндістанның батысында соңғы он жылда болмаған құрғақшылық байқалуда. Өткен жылы мұнда жауын-шашын қалыпты норманың жартысына да жетпеген. Бұдан қант құрағы мен мақта өсіретін фермерлер зардап шегіп отыр. Тұрғындар ауылдарынан үдере көшіп, тек қариялар мен балалар қалуда.

Жергілікті полиция 2015 жылы 1100 фермердің өз-өзіне қол салу фактісін тіркеген. 2016 жылдың қаңтарынан 21 наурызға дейін 216 адам өз өмірін қиған.

Жағдайды ушықтырмау үшін билік арнайы пойызбен зардап шеккен аудандар халқына ауыз су тасымалдауды ұйымдастырған. Ауыл тұрғындары сегіз күн сайын су алып отырады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін