Имамдар шешендік өнерді үйренуде

Стаурополь өлкесі мұсылмандарының діни басқармасы дін қызметкерлері үшін сөйлеу сауаттылықтарын арттыру мақсатында шешіндік өнер сабағын тұрақты жүргізіп келеді. Шешендік өнерді игерудегі басты мақсат –  имамдардың уағыз айтқандағы сөйлеу мәнері мен халыққа ойын дұрыс жеткізе білу деңгейін көтеру.

            Сабақ барысында ойды тиянақты жеткізу, керекті жерде екпін қоя сөйлеу, халықты өзіне қарата білу секілді шешендік өнердің негізгі принциптері қарастырылады.  Имамдар уағызды дұрыс айтуға, құтпаны дұрыс құрауға, уағыздың түсіндірме және насихат бөлігін  дұрыс қалыптастыруға үйренеді.Сондай-ақ, кәсіби уағызшылар дайындаған өзекті тақырыптағы әртүрлі уағыздар мен құтпалар талқыланады. Бұл сабақтар әсіресе, имамдардың жұма күнгі құтпаны халыққа дұрыс жеткізуі үшін маңызды. Стаурополь муфтиятының имамдары өлкедегі жамағттың көп тілділігіне байланысты өз уағыздарын орыс тілінде жүргізеді.

© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін