Жапониядан Татарстанға 82 жыл бұрын басылған Құран әкелінді

82 жыл бұрын Жапонияда этникалық татарлар жазып, басып шығарған Құран экспозиция үшін Қазанның Ислам мәдениеті мұражайына берілді. Татарстан ғылым академиясының Ұлттық білім беру тарихы және теориясы орталығының басшысы Марат Гибатдинов 1934 жылы Жапония бойынша Құранның 500 данасы басылғанын хабарлап: «Құранның бұл даналары жапон императорына сыйға тартылған, сондай-ақ 33 мемлекетке жіберілген.Олардың арасында Египет, Ауғанстан мен Ирак бар» -деді.  Құран терімен қапталып, қалпына келтірілгеннен кейін Қазанның Ислам мәдениеті мұражайына жәдігер ретінде қойылады.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін