Террористер Құран Кәрімді қақпан қылуда

Түркияның қауіпсіздік күштері Мардин және Нусайбин қалаларын лаңкестерден тазарту операциялары барысында террористердің Қасиетті Құранды қақпан қылған небір қитұрқы айлаларына куә болуда. Әскерлердің Алланың Кітабына шексіз құрметін білген террористер қолдан жасалған бомбаларды үй-үйлерге құрып, оның үстін Құран парақтарымен жыртып-жыртып жауып кетуді қауіпсіздік күштеріне қарсы бір тұзақ түріне айналдырған.

Тағы бір үйден бомба орналастырылған пештің үстін дұға кітабымен жауып кеткені анықталған. Осылайша, дінсіз террористер енді өз айлаларын асыру үшін Қасиетті Кітабымызды пайдалануда.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін