Сөйлей алмайтындарға "сөйлейтін" қолғап ойлап тапты

Вашингтон университетінің студенті Навид Азоди  досы Томас Прайормен бірге ыммен (язык жестов) сөйлесетін адамдардың тілін жазбаша және ауызша түрге аудара алатын мықты технологиялық қолғап жасап шығарған. Мұндай керемет жұмысқа қос студент Массачуси технология университетінің сыйақысын иеленді.

Қолғапқа біріктірілген сенсор ыммен сөйлескендегі қол әрекеттерінің қимылын бірден аударып, сымсыз байланыс арқылы компьютерге түсіріп тұрады. Компьютерге түскен сөз дауыс ұлғайтқыш арқылы дыбысталып я болмаса мәтін түрінде компьтер бетіне сақталып отырады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін