Мұсылман қыз-келіншектерге арналған алғашқы фитнес орталығы ашылады

Кардиффте (Ұлыбритания) мұсылман қыз-келіншектеріне арналған алғашқы жаттығу залы ашылмақ. Ол залға тек әйел заты ғана кіре алатын болады. Фитнес орталығының маркетинг жөніндегі директоры Мұхаммед Аламгир: «Бұл мұсылман қауымының талаптарына жауап беретін алғашқы жаттығу залы. Біз оны мұсылмандардың өтініші бойынша жасадық. Себебі мұсылман әйелдері үшін спортпен шұғылдануда бірқатар шектеулер бар. Біз олардың белсенді болғанын қалаймыз»,-деді.

Бұл істегі басты мақсат – әртүрлі жастағы қыз-келіншектер үшін фитнес жаттығуларын қолжетімді әрі қолайлы ету. Зерттеулерге сүйенсек қазіргі таңда Ұлыбритания мұсылман әйелдерінің 18%-ы  ғана спортпен шұғылданады екен.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін