Минск мұсылмандары мешітке қол жеткізді

Минск билігі қаладағы алғашқы мешіттің құрылысы аяқталғанын хабарлады. Қазір ғимаратты түрлі тексеруден өткізуде. Мешітті салтанатты түрде ашу рәсімі жаз ортасына жоспарланған. Аталмыш мешіттің құрылысы 10 жылдан астам уақыт жүргізілгенін атап өту керек. Құрылыс жұмыстары жергілікті биліктің талабымен тоқтатылып, кейін қайта жалғастырылған. Қазір Белоруссияда ресми 8 мешіт бар. Елде 30 мың мұсылман тұрады.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін