Еуропалық Одақта алғаш рет дін және дінге сену еркіндігі жөніндегі Арнайы Елші тағайындалды

Еуропалық Комиссияның Президенті Жан-Клод Юнкер ЕО аумағынан тыс жерлерде дін және дінге сену еркіндігін ұсыну жөніндегі Арнайы Елшіні тағайындады.

Бұл туралы еуропалық саясаткер жұма күні Ватиканда Рим Папасы Францискке Ұлы Карл   атындағы сыйлықты табыстау рәсімінде мәлім етті.

Бұл қызметке 2004-2009 жылдары білім, оқыту, мәдениет және жастар мәселелері жөніндегі еурокомиссар болған словакиялық саясаткер  Ян Фигель тағайындалды.

«Дін және дінге сену еркіндігі - Еуропалық одақ іргетасының бір бөлігі болып табылатын негіз қалаушы құқық. Діни және этникалық азшылықты үнемі қудалау ЕО-ның ішінде және сыртында одан да жүйелі қорғау мен еркіндікті ұсынуды талап етіп отыр», - деп атап өтті Жан-Клод Юнкер.

inform.kz

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін