Немістер Ислам жайлы аз білетін боп шықты

Германияның DPA ақпарат агенттігі «YouGov» зерттеу орталығына жасатқан сауалнама нәтижесінде немістердің 62 пайызының ғана мұсылман таныстары бар болып шыққан. Сондай-ақ, әр 5 немістің біреуі Ислам жайлы мүлдем бейхабар болып шыққан. Ал 52 пайызы Ислам діні жайлы өте аз мәліметке ие.

Германияда 1997 жылдан бері «Ашық мешіт күні» шарасы ұйымдастырылып келе жатқанымен, немістердің 84 пайызы мешітке еш бас сұқпаған боп шықты. Елдегі мұсылмандардың 68 пайызы болса, христиан діні жайлы «жақсы» және «өте жақсы» білетін болып шыққан.

25-27 сәуір аралықтарында жасалған сауалнама 2 мың 20 ержеткенді қамтыған.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін