Аустрия мешітіне доңыз бастарын лақтырып кетті

Аустрияның Стейермарк облысының орталығы Гразда құрылысы жүріп жатқан мешітке доңыздың бастары лақтырылып кеткен. Бұл жайлы бұқаралық ақпарат құралдарына Граз Ислам мәдениет орталығының баспасөз хатшысы Алдин Бектас хабарлаған. Бұл доңыздың бастарын үш бейтаныс біреу әкеп лақтырып кеткен. Әзірге полиция қызметкерлері күдікті біреуді ұстады. Бектастың айтуынша, мешіттің құрылысына әсіре солшылдар ғана қарсы көрінеді. Қазіргі уақытта тұтқындалған күдіктіні тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін