72 жасында ана атанды

Үндістанның  Харьяна штатындағы бедеулікті емдейтін орталықта үндістан тұрғыны Далджинжер Каур 72 жасында алғашқы сәбиін өмірге алып келді. Күйеуі Мохиндеру Сингх Гиллу 79 жаста.Отасқандарына 46 жыл болған жұптың сәбилі боламыз деген үміттері де өшкен. Алайда, бұл  жандарға қазіргі медицинада дамыған тәсілдердің бірі ЭКО көмектесті.

«Біздің дұғаларымыз қабыл болды. Мен енді ғана өзімді толық отбасы сияқты сезінемін. Бөпеме қараймын да күш-қуат алғандай боламын. Жолдасымда бізге барынша көмектесіп, қамқор болуда»,- деп  қуанышын жасыра алмаған ана өз сезімімен бөлісті. Дүние есігін ашқан шақалаққа ата-анасы Армаан есімін берепті.

© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін