Арабша каллиграфиямен өрнектелген телефон шығарылады

БАӘ, Катар, Кувейт, Ливан сынды елдерде сатылымға шығатын ұялы телефондардың алдыңғы қатарлы маркасы «Vertu» қасиетті Рамазан айының құрметіне тұтұнушыларына сый жасады. Аталмыш маркалы бутиктерде арабша каллиграфиямен өрнектелген ұялы телефондар сатылымға шығарылмақ. Телефон моделін жасауға араб суретшісі, Эмират тұрғыны Виссам Шаукат ат салысқан. Ол: «Vertu» бренді – ұялы телефон деген сөздің шеңберін кеңейтті. Күнделікті қолданатын заттан инновациялық дүниеге  айнала алатынын көрсетті. Әр телефонда бейнеленген каллиграфия қол өнерімен ұштасқан, ерекше дизайн мен функцияға ие»,-деді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін