Мешітті мекен еткен балалар саны мыңнан асты

Жақында арнайы комиссия Қырғызстан астанасындағы мешіттерге рейд жүргізіп, мешіттерді бір мыңнан астам бала паналайтынын анықтады.

Қырғызстанның Ішкі істер министрі Мелис Турганбаев: «Жақында біз Бішкек мешіттерінде рейд жүргіздік. Мешітті паналайтын балалардың саны мыңнан артық екенін көрдік. Олар онда не істеп жүр? Олардың болашағы қалай болмақ? Жазалау шараларын қолданып, жағдайды өзгерте алмаймыз. Бұған арнайы кешенді шаралар қажет»,-деді.

Айта кету керек, қазір Бішкекте 55 мешіт, 17 медресе бар.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін