Мешіттерде велотұрақ салынады

Мәскеу мешіттерінің жанынан велосипед қоятын тұрақтар салынбақ. Бұл туралы Мәскеу МДБ хабарлады. Мүфтият қызметкерлері: «Мешіттерге келетін тақуа жандар үшін бар жағдайды жасағымыз келеді. Рамазан қарсаңындағы бұл бастама игілікті іс болып отыр. Тұрғындар экологиялық таза көлікке ауысып, мешітке келетіндер қарасы көбеюі мүмкін»,-дейді. Бұл бастаманың биылғы жазда қолға алынуына Мәскеу мұсылмандарының діни басқармаға  велотұрақтар салу туралы өтінішті көптеп түсіруі себеп болған.

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін