Түрік әйелі «таяммум тақтасын» ойлап тапты

Түркияның Қожаелі елдімекенінде тұрып жатқан Йылдыз Йалныз есімді әйел «таяммум тақталарын» жасап шығарды. Түркия Дін істері басқармасының «рұқсат» деген пәтуасын алған оның бұл тақталарына сұраныс та туып жатқан көрінеді.

Йылдыз Йалныз науқас әжесінің сумен дәрет ала алмағандығы үшін оған таяммум соғу үшін балшықтан қыш тақта жасап береді. Қыш қолөнерімен айналысатын оның бұл тапқырлығына таңғалған бірнеше адам өздеріне де осындай тақталар жасап беруін сұраған. Олар да науқас туысқандарының таяммум соғулары үшін қажет екенін айтқан. Міне, Йылдызға «таяммум тақталарын» ойлап табу және оның нарыққа шығару идеясы осылайша келген. Ол бұған қоса балшықтан тәспілер де жасауда. Бүгінгі күні бұл қолтуындыларына Еуропа мен Араб елдерінде қызығушылық барын айтып отыр. Тіпті, Йылдыз Йалныз бұл өнімдерін Малайзия, Индонезия, Германия, Бельгия, Франция, Сауд Арабиясы секілді елдерге де экспорттауды көздеп отыр.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін