АЖАЛЫ СӘЖДЕДЕ ЖЕТКЕН ҚАЛЫҢДЫҚ

Сауд Арабиясының Асир провинциясында бірнеше жыл бұрын таңқаларлық оқиға болған. Ол оқиғаны Абудл-Мухсин әл-Ахмед баяндайды. Қалыңдық өзінің тойы болатын күні кешкі намазын оқып, той көйлегін киіп, бет-әлпетін әрлеп, жиылған қонақтардың алдына шықпақ болғанында түнгі намаздың азаны оқылады. Қалыңдық макияжын жуып, дәрет алып, намазын оқып шықпақ болады. Ал анасы қонақтардың күтіп отырғанын, намазды кейін оқитынын айтады. Сонда қалыңдық: «Алланың атымен ант етемін, мен онда намазымды оқымай шықпаймын. Анашым, Алладан басқа бойұсынатын жаратылыс жоқ»-дейді де, дәретін алып, намазын бастайды. Сол сәт сәждеге бас қойғанда, ажалы жетіп, о дүниеге аттанған екен.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін