3D-ПРИНТЕРМЕН БАСТЫРЫЛҒАН ҒИМАРАТТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ (ФОТО)

Дубай өзінің ерекше құлылыстарымен әлемді таңқалдыруымен келеді. Бұл жолы 3D-принтермен тұрғызылған алғашқы ғимарат жұртшылық назарына ұсынылды. Бір қабатты ғимараттың ауданы 250 квадрат метрді құрайды. Бұл конструкция 17 күннің ішінде жасалған. Құрылысқа 140 мың доллар жұмсалыпты. Бұл ғимарат осы жобаны жүзеге асырған Дубай болашақ қорының штаб-пәтері болмақ. БАӘ Министрлер кабинеті істері жөніндегі министрі Мохаммед әл-Герваги: «Бұл 3D-принтермен жасалған әлемдегі алғашқы ғимарат және жай ғимарат емес. Оның толықтай жұмыс істейтін кеңселері мен қызметкерлері бар»-деді.

Ғажайып үйдің ішкі келбетін сілтеме арқылы өтіп көре аласыздар: http://ihsan.kz/kk/photo/view/4198 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін