Ұшақтарда адал ас берілетін болды

Жапонияның ірі әуе компанияарының бірі Japan Airlines болашақта елден сыртқа ұшатын барлық ұшақтарда адал ас берілетінін мәлімдеді. Japan Islamic Trust ұйымы барлық халықаралық сапарларға адал ас әзірлеудің технологиялық процесін мақұлдап, әуе компаниясына сертификат берген. Сондай-ақ ыдыстардың да «адал» болуына көңіл аударылған. Мұсылман жолаушылардың қауіпсіздігі үшін бір рет қана қолданылатын ыдыстар пайдаланылады. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін