«Суреттермен 40 хадис шәриф» көрмесі ашылды

Түркияның Ыстамбұл қаласының Таксим метро станциясында «Суреттермен 40 хадис шәриф» көрмесі ашылды. Көрмеге Әлемге ортақ тіл болған «сурет» тілімен Пайғамбарымыздың хадистерін танытуды мақсат еткен түрік карикатуршысы Хасан Айжынның суреттері назарға ұсынылды.

Бұл жобаны Түркияның «Соңғы Пайғамбар» платформасы мен «Güçlüder» қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Көрме маусымның 12-сіне дейін ашық. Бұдан кейін Ыстамбұлдың басқа да жерлерінде халық назарына ұсынылатын болады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін