111 сағат бойы футбол ойнап, әлемдік рекордты жаңартты

Германияның Гамбург қаласында екі әуесқой футбол командасы үзіліс берместен 111 сағат бойы футбол ойнап, әлемдік рекордты жаңартты. Hamburger Berg және Rheinland-Pfalz елдімекенінің Wallhalben футбол командасының барлығы 36 ойыншысы 111 сағат бойы үзіліссіз футбол ойнап, Гиннес рекордтар кітабынан орын алуларынан үмітті. Шешімді комиссия шығаратын болады.

Матч барысында шамамен барлығы 1 мың 300-дей гол соғылған. Бұл матчтан түскен қаражатты Гамбург қаласындағы босқындарға жәрдем беру ұйымдарына табысталатыны мәлімделді.

Бұған дейін рекордты шотландиялық «The Craig Gowans Memorial Fund» командасы 105 сағат ойнап жаңартқан еді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін