«МЕН ҚҰРАН ОҚИМЫН» АКЦИЯСЫНА АТ САЛЫСЫҢЫЗ

Татарстандық «Хузур» баспа үйі «Мен Құран оқимын» атауымен акция жариялады. Шара аясында имамдар, дінтанушылар сонымен қатар Құран оқу білетін әлемнің әр түкпіріндегі мұсылмандар қасиетті Кітаптан аят оқиды. Аталмыш акцияға сіз де қатыса аласыз.

Ол үшін:

  1. Қасиетті Құраннан кез-келген сүре немесе аят оқу керек
  2. Оқығаныңызды видеоға түсіру
  3. Видеоны Islam_Today@mail.ru мекен-жайына «Мен Құран оқимын» деген кілтсөзін жазып жібересіз.
  4. Жіберілген барлық таспа Islam-Today.ru сайтында және «Азан» радиосында рамазан айы бойы жарияланады.

Флешмоб 5-шілдеге дейін жалғасады. Шараға Татарстан муфтиі Кәміл хазрет Самигуллин де өз үлесін қосты.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін