ӘЙГІЛІ БОКСШЫМЕН ҚОШТАСУҒА 14 МЫҢ АДАМ КЕЛДІ

АҚШ-тың Луисвилл қаласында аты шыққан боксшы Мұxаммед Әлимен қоштасу рәсімі өтті.  Исламды өміріне ту еткен боксшыны ақтық сапарға өзі қалағанындай, мұсылманға сай шариғат жолымен дұға жасап,Құран оқып шығарып салды.

 Associated Press (AP) агенттігінің xабарлауынша, қоштасу рәсімі 1960 жылы Әлидің алғаш жеңіс тұғырына көтерілген жері Freedom Hall спорт алаңында өтті. Марқұммен бақұлдасуға әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлері келіп, бас-аяғы 14 мыңға жуық адам жиналған. Боксшыны ақтық сапарға бүгін шығарып салмақ. Жерлеу рәсіміне ел тізгінін ұстаған әр елдің басшыларымен мен әйгілі боксшылар, танымал тұлғалар келеді деп күтілуде. Аңызға айналған теңдесі жоқ боксшы болғанымен, өзінің кішіпейлділігі мен қарапайымдылығының арқасында көп жанды таңқалдыра білген. Алдымен Алласын ұлықтаған пендесіне Жаратушы Иеміз жар болғай!

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін