МЕШІТТІ ТОНАҒАН ҰРЛЫҚШЫНЫ ҰСТАДЫ

АҚШ -та мешітті тонаған ұрыны өзін қарақшылар тонап кеткеннің арқасында қолға түсірді.

Күлкілі оқиға Массачусетс штатының Метуен қаласында орын алды. Ұры мешіттен екі компьютер, видеокамера және садақа жәшігін ұрлап кеткен.

Дәл сол күні полиция бөлімшесіне тағы бір тоналу фактісі тіркеледі. Тез арада оқиға орнына жеткен полицейлер ұрыдан жапа шеккен 38 жастағы Уильям Ортиз деген азамат екенін анықтады. Бір қызығы, оны мешіттен ұрланған садақа жәшігін тығып жатқан жерінен қарақшылар тонап кеткен.

Қазір Ортиз қамауда отыр. Оны  ұрлау бойынша түрмеге жабуы мүмкін. Сонымен қоса өзінің «әріптестерін» тонаған екі ұрлықшы да қолға түсті.    

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін