ҚҰРАНДЫ ӨРТЕМЕК БОЛҒАН АЗАМАТ, КӨЗ ЖАСЫН ТИЯ АЛМАДЫ    

Қасиетті Құранды өртеп, мұсылмандарға жарылғыш лақтырамын деген британдық азаматтың сот алдында кеудесін кернеген исламофобиялық мақтанышы бір сәтте жоқ болды.

«Шіркеулер мешітке айналып бара жатыр» дегенді алға тартқан Гари Фарримонд, арнайы жағу үшін Құранның көшірмесін сатып алатыны туралы Facebook желісінде жазба жариялаған. Сонымен қатар, ол әлеуметтік желідегі жазбасында мұсылман елдеріне «ядролық бомба лақтырамын» дегенді де айтып, ақыры өзі айыпқа тартылды. Манчестр сотында прокурор Тесс Кеньон Фаримондтың жазбасын оқып берді. 49 жастағы айыпталушы сот алдында көз жасын тия алмай, мұсылмандардан өзінің әрекеті үшін қайта-қайта кешірім сұрады.

«Ол өте қарапайым адам, оны жанында жүрген біреу алдаған, мұны жазуға да итермелеген сол», - дейді адвокат Мелисса Фаган.

Сот заң бұзушыны бір жылға 100 сағаттық ақысыз қоғамдық жұмысқа жегуге үкім шығарды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін