АУЫЗ БЕКІТКЕНДЕРДІҢ НАЗАРЫНА: АРАНЫҢДЫ АШАТЫН АСТАН АБАЙ БОЛ!

Солтүстік-батыс университетінің (АҚШ) ғалымдары ас қорытуға кері әсер ететін тамақтардың тізімін жариялады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, асқазанға түскен кейбір май түрлері ағзада калория қабылдауды төмендететін малекулалар бөліп шығарады. Соның салдарынан ми жүйесі аштықты өзгеше қабылдап, организмге керектілерді ескермейді. Мұндай алдамшы заттар пальмитин және олеин қышқылдарын түзеді.

Аталмыш майдың малекулалары дүкенде тұрған ұзақ уақыт сақталатын йогурт, сүтті коктейльдер мен жылтыратылған сүзбе сияқты сүт өнімдерінде, кондитерлік тәттілер мен десерттерде кездеседі. Сондықтан да ораза кезінде тәтті тіске басарлар мен йогурттарды азайтқан дұрыс.

© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін