ЖАҢА ҚАЛА БОЙ КӨТЕРДІ (ФОТО)

Палестинада соңғы бірнеше он жылдықта жаңа қала тұрғызылды. Иордан өзенінің  Батыс жағалауында бой көтерген жаңа қаланың құрылысы аяқталып, тұрғындар қоныстануда. Раваби деп ат берілген бұл қаланы салуға бірнеше жылдар кетті.

Иерусалимнен 40 шақырым жерде орналасқан қала құрылысы саяси қақтығыстардың салдарынан тоқтап қала беріп, соңғы бір-екі күнде ғана тұрғындар жайлы мекенге жайғасты. Раваби көпқабатты үйлер мен 12000 адамдық амфитеатрынан бөлек, мектеп, сауда үйлері және өнеркәсіп сияқты бай инфроқұрылымдарымен мақтана алады. Сонымен қатар мешіт пен шіркеулер тұрғызылып жатыр.

«Бірнеше жылдық қорқынышты, қайғылы жағдайлардан кейін, мұндай бақытты көруге лайықпыз», – дейді жаңа қала тұрғындарының бірі.

Қазір қалада 250 отбасы тұрақтаған, жуық арада қала халқының саны 60 мыңға жеткізіледі деп жоспарлануда. Осынау әсем қаланы тұрғызуға осы уақытқа дейін 1,2 миллиард доллар қаржы құйылған.  

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін