АТЫРАУДА 5 ЖАСАР БАЛА ЕҢ ЖАС ҚАРИ АТАНДЫ

"Иманғали" орталық мешітінде құран оқудан сайыс өтті. Дәстүрлі түрде осымен 4 рет ұйымдастырылған байқаудың басты мақсаты қоғамдағы дәстірлі емес діни ағымдардың арбауынан өскелең ұрпақты арашалау. Жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу. Байқау 2 номинация бойынша өтті. Қатысушылар құранның 30-шы парасын жатқа оқыса, екінші номинацияда құранды көркем оқыды.  Айта  кету керек, мамандар жыл сайын қатысушылар қатары көбейіп келетінін айтады. Жастар ресуртық орталығымен бірлесіп өткізген шараға 12 мен 24 жас аралығындағы  23 атыраулық қатысты. Сайыстың ең үлкен жаңалығы 5 жасар Мейірхан Зираш. Кішкентай Мейірхан басқа қатысушылардан кем түспеді. 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін