АНЖЕЛИНА ДЖОЛИ МЕН ДЖОН КЕРРИ АУЫЗАШАРҒА ҚАТЫСТЫ

АҚШ-тың сыртқы істер министрі Джон Керри мен БҰҰ Босқындар жоғарғы комиссариясының өкілі, америкалық актриса Анжелина Джоли Даллас аймағы мұсылмандар қауымдастығының (ADAMS) Әлем босқындары күніне орай ұйымдастырған ауызашар дастарханына қатысты. Сөзін «Ассалаумағалейкум!» деп бастаған Джон Керри мұсылмандарды Қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Сөз арасында босқындар проблемасын да тілге тиек еткен ол: «Барлық босқындардың басын бір жерге қосса, әлемнің 22-ші мемлекеті болады», – деді.

Джон Керри АҚШ-қа қабылданған босқындарды мемлекетке қауіпті дегендерді қатаң сынға алды.

Сондай-ақ ол халықтың мұсылмандарға қарсы жеккөрініштілік сезімдерін арттыра түсулері тек террористік ұйымдардың пайдасына ғана екенін ескертті. «Мұсылмандарға жеккөрінішті көзқараспен қарау, оларды нысанаға алу тек террористердің ғана пайдасына. Бұл АҚШ пен мұсылмандардың арасында бір соғыс бардай сезім тудыруда, бұл дұрыс емес. Мұсылмандардың АҚШ секілді емін-еркін өмір сүре алатын ел жоқ», – деді ол.

Анжелина Джоли де сөзін бірнеше дін өкілдерімен бірге ауызашар дастарханына қатысып отырғанына қуанышты екенін айтып бастады. Ол босқындардың артуымен оларға деген жеккөрініш сезімінің де артып отырғанына назар аударып, әрбір мемлекет бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертті.

Голливуд актрисасы: «Адам тең боп туды, сол себепті әркімнің құқығы тең. Кейбір адамдардың өзін өзгелерден жоғары бағалауы демократиялық мемлекетке жараспайды», – деді.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін