АЛТЫН ЖАЛАТЫЛҒАН ҚҰРАН КӨПШІЛІК КӨҢІЛІН АУДАРДЫ (ФОТО)

Иранда өткен XXIV Халықаралық Қасиетті Құран көрмесіне келушілер ең бағалы Құран көшірмесінің көзайымы болды. Бұл Құранның ерекшелігі  - жасалған материалында. Қасиетті Кітаптың қағазы алтыннан жалатылған. Ерекше қолөнер туындысын әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұсылмандар көруге мүмкіндік алды.

«Біз дүкендер мен көрмелерден Құранның көптеген көшірмелерін қарап шығып, басқасына ұқсамайтын ерекше Кітап көшірмесін жасаймыз деп ұйғардық. Оны жасау үшін классикалық ислам өнерінің үздік мамандарын жұмылдырдық», – дейді ерекше дүниені бастаушылар мен демеушілерінің бірі Мердад Джанфаза.

Сарапшылармен ақылдаса отыра Кітап ежелгі тұлұт қарпімен жазылыпты. Алтынмен апталған беттерге көркемдеп жазуды құсни жазу шебері атақты каллиграф Голамрезе Махруиға сеніп тапсырылған. Кітаптың мұқабасы кездеме қаріптермен және қымбат тастармен бедерлендірілген.

Құран кітапты жасап шығуға кеткен қаржы 1,5 миллион долларды құрайды. Көрмеден және кітап көшірмелердің бірегей даналарынан түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады деп көзделіп отыр. 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін