ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАУҒАН ЖҰДЫРЫҚТАЙ БҰРШАҚТАР КӨЛІК ТЕРЕЗЕЛЕРІН ҚИРАТТЫ (ФОТО)

Қарағанды облысы өңірінде ерекше оқиға орын алды. Нұра ауданы Ақмешіт ауылына жауған жұдырықтай бұршақтар жергілікті тұрғындарды әбігерге салып, көлік терезелерін қиратқан. Бұрын-соңды мұндай оқиғаның болғанын ауыл тұрғындары естеріне түсіре алмады. Ол аспаннан жауған сәбидің жұдырығындай бұршақтар еді. Көліктің терезесін сындырып, Нұра ауданы Ақмешіт ауылына айтарлықтай шығын келтірген бұршақтың үлкендігі жергілікті жұртты таң қалдырған. Ауыл тұрғынының айтуына қарағанда, бұршақтың үлкендігінен машиналардың, үйлердің терезелері қираған. Суреттер сол бұршақ жауған ауылдан көрініс.

baq.kz

© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін