ТАУЫП АЛҒАН 150 000 € АҚШАНЫ ӨЗІНЕ ЖАРАТПАДЫ

Сириялық босқын М. Мұхаммед жаңа орынға қоныстану кезінде жергілікті тұрғындар берген шкафтан 150,000 € ақша тауып алды. Ойда жоқта олжалы болған жігіт, ақшаны өзіне қалдырмады. Сириялық босқынның бұл әрекеті Еуропа бұқаралық ақпараттарын таң қалдырып, ерлік жасаған жігіт әлемге танылып үлгерді.  

М.Мұхаммед  Германияға 2015 жылдың қазанында келген. Ол Германияның Минден қаласына қоныс аударып, жергілікті тұрғындар көршілерінің үйін жабдықтауға қолғабыс көрсетіп, артық жиһаздарын береді. Сол шкафтардың бірінен Мұхаммед қомақты қаражат тауып алады. Бір қызығы, біреудің ақшасын иемдену менің дініме қайшы, адамгершілікке жатпайды деген 25 жасар босқын жігіт тапқан олжасын полицейлерге тапсырды. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары ақшаның негізгі иесін іздестіруде.    

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін