МӘДИНАДА ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.А.У.) МЕШІТІНІҢ ЖАНЫНДА ЖАРЫЛЫС (ФОТО)

Сауд Арабиясының Мәдина қаласында, Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мешітіне жақын жерде жарылыс болды. Бұл жайында «Әл-Арабия» телеарнасы хабарлады. Жарылыс ақшам намазының азанынан кейін Пайғамбар (с.а.у.) мешітінің оңтүстік есігіне жақын жердегі автотұрақта болған. Бір лаңкес осы аймақтағы қауіпсіздік қызметкерлерінің жанына келіп, өз-өзін жарып жіберген. Жарылыс нәтижесінде 6 адам қаза тауып, 10 адам жарақаттанған. «Әл-Хадас» телеарнасының мәлімдеуінше, қаза тапқандардың екеуі қауіпсіздік қызметкерлері.

Куәгерлердің айтуынша, дүмпу Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мешітіне дейін жеткен.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен бірнеше жедел-жәрдем қызметі жөнелтілген.

Саудия билігіне Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған мен Шешенстан прзеиденті Рамзан Қадыров көңіл айтты.                

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін