ДЕЛЬ`ОРО АДЕЛИО МЕШІТКЕ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАУҒА КЕЛДІ

Бүгін Қарағанды облыстық орталық мешітіне Қарағанды қаласының епископы (шіркеу өкілі)  Дель`Оро Аделио мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтап келді. Қарағанды облыстық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлына жылы лебізін білдіріп, Ораза айтпен құттықтаған шіркеу өкілі ислам дінін өз дініндей құрметтейтіндігін айтты. Әр түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүретін Қазақстанда ұлтаралық келісіммен қатар, үйлесім мен тыныштық кепілі болып табылатын дінаралық татулықтың да орныққанын осыдан байқауға болады.

Айт қабыл болсын!

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін